Ұлан сарбаздары енді ІІМ академиясына бірден түсе алады

Ұлан сарбаздары енді ІІМ академиясына бірден түсе алады
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Сарбаздардың жасы 23-тен аспауы керек.

2024 жылдан бастап әскери борышын өтегендер Ішкі істер министрлігінің академиясына Ұлттық бірыңғай тестілеусіз, бірден түсе алады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

«Отан алдындағы борышын өтеген сарбаз (бір жылдан кешіктірмей) білімін ІІМ-нің әскери оқу орындарында жетілдіре алады. Оның жасы 23-тен аспауы керек», – деп жазылған Ұлттық ұланның баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Жаңа бастамаға Ұлттық ұланның әскери бөлімдеріндегі әрбір шақырылымның 20%-ы ғана қол жеткізе алады.