Дәрігерлер дер кезінде көмек көрсетті

Дәрігерлер дер кезінде көмек көрсетті
almaty-akshamy.kz

«Алматы – Ыстамбұл» бағытда алматылық дәрігерлер жолаушыға алғашқы медициналық көмек көрсетті, - деп хабарлайды almaty-akshamy.kz

Алматылық дәрігерлер Израильге (Тель-Авив) Ыстамбұл арқылы трансфермен оқуға жіберілген еді.

«Эйр Астана» әуе компаниясының Алматыдан Ыстамбұлға бағыт алған ұшағында  жолаушылардың бірі өзін жайсыз сезінеді.   Экипаж капитаны бортта медициналық қызметкерлердің бар-жоғын анықтаған.

«Алматыдан Тель-Авивке бағыт алған рейсте, жолаушының бағына орай, медициналық қызметкерлер болып шықты. Жедел медициналық көмек көрсету қосалқы стансасының дәрігері Мира Жүсіпбекова мен №5 қалалық перзентхананың дәрігері Динара Нарымбиеваның шұғыл әрекет етуінің арқасында жолаушыға алғашқы медициналық көмек көрсетіліп,  қан қысымы қалпына келтірілді. Нәтижесінде жолаушы өз-өзіне келіп, сапарын жалғастырды», - деп атап өтті Алматы қалалық Денсаулық сақтау басқармасының «Жедел жәрдем» қызметі.