Балалар үйірмелерінің жұмысына биыл 16,2 млрд теңге бөлінді

Балалар үйірмелерінің жұмысына биыл 16,2 млрд теңге бөлінді
Сурет: Almaty.tv

Осы қаржының 2 млрд 300 млн теңгесі Алатау ауданына беріледі.

Бүгін Алатау ауданы тұрғындарымен кездескен әкім осы мәселеге қатысты сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Тұрғын сұрағы:

- Алатау ауданында 23 ықшамаудан бар. Бірде-біреуінде музыка, спорт, қолөнер мектебі жоқ. Оның бәрін қала орталығына тасу мүмкін емес. Сондықтан «Артспорт» мәселесін шешіңіздер?

«Мен өз баяндамамда жазға дейін жаңа ғимарат ашылатынын айттым. Балалардың баратын жері болады. Күн сайын 5 мың бала деген аз емес. Енді «Артспорт» мәселесі бойынша, QR-код болады. Өткен жылы Алматы қаласына 20 млрд теңге бөлдік. Оның 2,5 млрд теңгесі жымқырылған. Қазір сот болып жатыр. Баланың болғанын тексеру үшін  QR-код керек. Балабақшаларда жаңа технология бойынша жұмыс істеп жатыр. Ешкім шағым айтқан жоқ. Осы жылы қала 16 млрд 200 миллион теңге бөлінді, Алатау ауданына арнайы 2 млрд. 300 миллион теңге бөлдім», - деді қала басшысы Ерболат Досаев.