ҰҚК халықаралық есірткі арнасын жойды

ҰҚК халықаралық есірткі арнасын жойды
Сурет: Egemen.kz

Ұлттық қауіпсіздік комитеті халықаралық есірткі арнасының жойылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 

ҰҚК мәліметінше, 2022 жылғы 18 наурызда ҰҚК-ның Шымкенттегі департаменті қызметкерлері Қазақстанға есірткінің ірі партиясын жеткізуге қатысы бар деген күдікпен С. деген азаматты ұстаған.

«Процессуалдық іс-шаралар барысында заңсыз айналымнан 10 келіден аса жоғары сапалы ауған гашиші алынды. Алынған есірткінің «қара нарықтағы» алдын ала құны 50 миллион теңгеден асады», -  делінген хабарламада.

Соталды тергеу материалы ҚР ҚК-ның 297-бабы 3-бөлігі бойынша СТБТ-ға тіркелген.