Алматыда үстел теннисі бойынша қазақстандық жаттықтырушыларға арналған семинар өтті

Алматыда үстел теннисі бойынша қазақстандық жаттықтырушыларға арналған семинар өтті
Сурет: Olympic.kz

Алматыдағы үстел теннисі орталығында ITTF-тың (Иордания) халықаралық сарапшысы Мұхаммед Атумның басшылығымен қазақстандық тәлімгерлерге арналған техникалық семинары аяқталды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Еліміздің жастар құрамасының аға жаттықтырушысы Евгений Тимченко өз әсерімен бөлісті.

"Бүгінгі таңда федерация басшылығы біздің жаттықтырушыларымызды оқыту және біліктілігін арттыру бойынша міндеттер қойды. Мен осындай іс-шараларға бірнеше рет қатыстым, онда сіз қызықты ақпарат алып, біліміңіз бен сенімдеріңізді тағы бір рет растап, кей жерде пікіріңізді өзгертесіз де. Жаттықтырушы Мұхаммед барлық тәлімгерлерді оқу үрдісімен толығымен баурап алды, достық көңіл-күйде, шығармашылық жағдай жасады, онда барлығы қызықты тапсырмалар мен жаттығулар орындады. Семинардың пайдасы зор және біз алған білімімізді республикада үстел теннисін дамыту үшін қолданамыз",- деді Евгений Тимченко өз сөзінде.