Алматыда ұлттық біліктілік тестін тапсырып жатқан мұғалім қайтыс болды

Алматыда ұлттық біліктілік тестін тапсырып жатқан мұғалім қайтыс болды
Сурет: Tengrinews.kz

Жағдайы күрт нашарлаған адам "жедел жәрдем" келгенше жан тапсырған.

Алматыдағы Көлік және логистика академиясында бір адам қайтыс болды. Ол - ұлттық біліктілік тестін тапсыруға келген мектеп мұғалімдерінің бірі, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Бұл туралы ақпарат әлеуметтік желіде тарады. Куәгердің айтуынша, тест кезінде бір мұғалімнің жағдайы нашарлап, құлап қалған. Ол "жедел жәрдем" келіл үлгергенше көз жұмды.

Алматы қалалық полициясы департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек аталған деректі растады.

«Кісі өлімі фактісі Алмалы аудандық полиция басқармасында тіркелді. Қазіргі уақытта сот-медициналық сараптама тағайындалды»,- деді Салтанат Әзірбек.