Алматыда тергеу изоляторындағы күдіктілерден бірнеше телефон тәркіленді

Алматыда тергеу изоляторындағы күдіктілерден бірнеше телефон тәркіленді
Сурет: Polisia.kz

Тінту барысында күдіктілерден телефон табылды. 

Алматы қаласы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №72 мекемесіне Алматы облысы, Талғар ауданы ПБ уақытша ұстау изоляторының қызметкерлері 21 жастағы А. және 35 жастағы Н. деген екі күдіктіні жеткізген болатын, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

№72 мекемесінің тергеу бөлмесінде аталған жігіттерді тінту барысында А. есімді азаматтың ұлтарағының астынан IPhone телефоны табылса, Н. деген күдіктінің қалтасынан Redmi Note 8 маркалы екі телефон табылды. Тергеу тұтқынындағы А. Қазақстан Республикасы ҚК-нің 191-бабы 2-бөлігі бойынша, ал Н. ҚК-нің 188-бабымен ұсталған. Екеуі де бұрын сотталмаған.

Тергеу изоляторының аумағына тыйым салынған заттарды алып кіргені үшін бұл фактілер қылмысты тіркеу кітабына тіркеліп, тиісті шаралар қабылданып жатыр.