Алматыда «Сүйемін сені, Алматы» көше мәдениеті фестивалі өтеді

Алматыда «Сүйемін сені, Алматы» көше мәдениеті фестивалі өтеді
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Шара барасында Битлз әндері қазақ тілінде шырқалады.

17 және 18 қыркүйекте қала тұрғындары мен қонақтарына театрлық перформанс, қазақ халық музыкалық аспаптарымен интерактивтер, дәстүрлі қазақ өнері бойынша шеберлік сыныптар, тарихи тұлғалар бейнесіндегі жандардың шеруі көрсетіледі, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Панфилов көшесінде, Арбатта, Абай атындағы ҚҰОБТ алдындағы алаңда, Алматының мәдени-тарихи дәуіріне арналған іс-шаралар ұйымдастырады. Мұнда қаланың 1940 жылдардан бастап қазіргі күндерге дейінгі көрінісі арнайы фотоаймақтар, дәуір кейіпкерлері, өнер орталықтары және қауымдастық көрмесі арқылы бейнеленеді.