Алматыда халықаралық бақ-саябақ өнері фестивалі өтеді

Алматыда халықаралық бақ-саябақ өнері фестивалі өтеді
Сурет: Na-dache.pro

Almaty Garden Show фестивалі 16-18 қыркүйек аралығында 3 күнге созылады.

16 қыркүйек күні сағат 12:00-де Орталық мәдениет және демалыс саябағында іс-шара салтанатты түрде ашылады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Қонақтарға әлемнің жетекші дизайнерлері, бағбандары және флористері кәсіби көгалдандыру, тыңайтқыш, ландшафт дизайны және заманауи гүл шоқтарын жасау бойынша түрлі шеберлік сыныптар өтеді.

Фестиваль аясында «Көгалдандыру» көрмесі жұмыс істейді. Almaty Garden Show-да үздік атану үшін байқауда сайысқа түсетін арнайы құрылған тақырыптық бақтар ерекше мәнге ие.

«Үлкен бақ», «Кіші бақ», «Енді басталған бақ» үш номинациясының жеңімпаздарын Армения, Германия, БАӘ, Қазақстан, Ресей және АҚШ мамандарынан құралған халықаралық қазылар алқасы таңдайды.

Өтетін күні: 2022 жылғы 16 қыркүйек

Уақыты: сағ.12:00