Алматыда суға түсуге болатын орындар анықталды

Алматыда суға түсуге болатын орындар анықталды
Сурет: Vse.kz

Шомылатын жердің де маңызы зор.

Алматы қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті су қоймасының түріне қарамастан, теңіз, көл, өзен немесе тоған болсын, әр адам суға түсу кезінде өзін-өзі ұстау ережелері мен қауіпсіздік шараларын біліп, қатаң сақтауы керектігін еске салады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz NewTimes.kz-ке сілтеме жасап.

Ресми түрде бекітілген жағажайда демалыс пен суға шомылу ең қауіпсіз, өйткені ол жерде құтқарушылар, медицина қызметкерлері кезекшілікте болады және, ең бастысы, судың күйі бақыланады.

Ағымдағы жылы қаладағы екінші санаттағы 30 ашық су қоймасында санитарлық-эпидемиологиялық мониторинг жүргізіледі. Олар - Алатау ауданы аумағында 5 ашық су қоймасы, Алмалы ауданында 3, Әуезов ауданында 2, Бостандық ауданында 2, Жетісу ауданында 4, Медеу ауданында 8 және Түрксіб ауданында 6 ашық су қоймасы. Ал микробиологиялық, санитарлық-химиялық, радиологиялық және паразитологиялық көрсеткіштер бойынша тоқсан сайын кемінде бір рет зертханалық су бақылауы жүргізіледі.

Бүгінгі күні Алматыдағы су айдындарында тұрғындардың жаппай демалуы, туризм және судағы спорт үшін 4 демалыс орны белгіленді:

Д.Қонаев атындағы Үлкен Алматы Каналындағы – «Баум бағы» жағажайы; Д.Қонаев атындағы Үлкен Алматы Каналындағы – «Гүлдер» демалыс аймағының жағажайы;

Сайран көлінің шығыс және батыс жағы.