Ковидке шалдыққан 2 пациенттің жағдайы өте ауыр

Ковидке шалдыққан 2 пациенттің жағдайы өте ауыр
Сурет: Sib.fm

112 пациент стационарда ем алып жатыр.

ҚР-да коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 2022 жылғы 20 сәуірдегі мәлімет бойынша, 1 791 адам коронавирус инфекциясынан (853 КВИ+ және 938 КВИ-) емделуде, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Олардың ішінде 112 пациент стационарда, 1 679 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында 10 адамның жағдайы ауыр, 2 пациенттің жағдайы өте ауыр, 3 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.