Алматыда сейсмикалық жаттығу кезінде шынымен жер сілкінді

Алматыда сейсмикалық жаттығу кезінде шынымен жер сілкінді
Суреттер: ҚайратҚоныспаев

2024 жылдың 23 ақпанында таңертең жалпы қалалық сейсмикалық жаттығулар кезінде алматылықтар жер сілкінісін сезді. 

Алматы тұрғындары кезекті дүмпулер туралы хабарламаларды әлеуметтік желілерде бөлісе бастады. Содан кейін ресми ақпаратты ҚР ТЖМ сейсмикалық станциялар желісі де растады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

2024 жылғы 23 ақпанда сағат 10:08-де жер сілкінісі тіркелгені атап өтілді.

«Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 259 км жерде, Қытай аумағында  орналасқан. Афтершок қайталанды.  Жер сілкінісінің энергетикалық класы 11.8. MPV магнитудасы 5.2», - делінген хабарламада.

Алматыда жер сілкінісінің  2 балы сезілді.