Алматыда өртенген үйден құтқарушылар ер адамды аман алып қалды

Алматыда өртенген үйден құтқарушылар ер адамды аман алып қалды
Сурет: ҚР ТЖМ

Өрт оқиғасы Алматының Медеу ауданында болды. 

Құтқарушылар жанып жатқан үйден 57 жастағы ер адамды аман алып шықты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

6 наурыз күні кешкі сағат 18.58-де Алматыда жеке тұрғын үй өртенді. Қызыл жалын кейін көршілес 2 қабатты жеке тұрғын үйдің шатырына таралған. 

Өрт 20.02-де толығымен сөндірілді. Оқиға орнынан 1967 жылғы ер адам құтқарылып, жедел  жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды.

Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі анықталып жатыр. 

Тілсіз жауды сөндіру жұмыстарына Алматы қаласындағы ТЖД-ның 20 адамы және 5 техника жұмылдырылды.