Елімізде орфандық аурулары бар науқастар үшін орталық құрылмақ

Елімізде орфандық аурулары бар науқастар үшін орталық құрылмақ
Сурет: Gov.kz

Денсаулық сақтау министрлігінде «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының Басқарма төрағасы Болат Жәмішевпен және «University Medical Center» КҚ басқарма басшысы Юрий Пямен орфандық аурулары бар балаларға медициналық көмекті жетілдіру мәселелері бойынша кездесу өтті.

Кеңестің шеңберінде сирек кездесетін аурулары бар балаларға медициналық көмек көрсетуді жақсартудың өзекті мәселелері талқыланды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Министрлік соңғы 3 жылдың ішінде денсаулық сақтау саласындағы «Қазақстан халқына» қоғамдық қорымен белсенді ынтымақтастықта болды және орфандық, онкологиялық, онкогематологиялық аурулары бар азаматтарды қымбат дәрілік заттармен қамтамасыз ету, онкологиялық қызметті, балалар нейрохирургиялық қызметін, трансплантаттауды, инфрақұрылымды және оңалту орталықтарын дамыту және т. б. бойынша 12 жоба мен бағдарламаны бірлесіп іске асыруда.

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының басшысына өмірлік маңызды жобаларды іске асыруға көмектескені үшін алғыс айтып, ынтымақтастықты одан әрі дамытудың негізгі бағыттарын белгіледі. Ол Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығымен және «Ақсай» университеттік балалар клиникасымен бірлесіп, «University Medical Center»КҚ базасында орфандық аурулары бар балаларды емдеуге бірыңғай кешенді тәсілді қалыптастырудың маңыздылығын атап өтті.

Кездесудің қорытындысы бойынша Қазақстанда қымбат тұратын медициналық қызметтер мен науқастардың осы санаты үшін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етудің қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік беретін орфандық орталық құру туралы шешім қабылданды.