Тұман мен жел: 7 наурызға арналған ауа райы болжамы

Тұман мен жел: 7 наурызға арналған ауа райы болжамы
Сурет: Arnapress.kz

Қазгидромет Қазақстан аймақтарында 7 наурызда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады. 

Антициклон жотасы еліміздің батысы, шығысы мен орталығында өз әсерін сақтайды, осыған орай жауын-шашынсыз ауа-райы күтіледі, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Ал ҚР басқа территориясында атмосфералық фронталды бөліктердің өтуімен қар, жаяу бұрқасын, еліміздің оңтүстігінде жаңбыр, оңтүстік-шығысында – жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын жауады.

ҚР бойынша тұман, желдің күшеюі күтіледі.