Алматыда Нұрсұлтан Назарбаевты қамауға алды

Алматыда Нұрсұлтан Назарбаевты қамауға алды
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Алматыда Нұрсұлтан Назарбаев қамауға алынып, жүргізуші куәлігінен айырылды.

Бұл туралы ZTB.KZ порталы жариялаған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Бірақ бұл жерде әңгіме  Қазақстанның бұрынғы Президенті туралы емес, оның 23 жастағы аттасы туралы болып отыр. 

Порталдың хабарлауынша, 2024 жылдың 4 ақпанында билік өкілдері Toyota Camry көлігін тоқтатты. Нұрсұлтан Назарбаев есімді жүргізушіден мас болу дәрежесін анықтау үшін түтікке дем алуды сұрады. Жігіт тексеруден өте алмады, нәтижесінде ол 15 күнге қамауға алынды.

Сондай-ақ, Назарбаев көлік құралын жеті жыл мерзімге басқару құқығынан айырылды. Оның көлігін полиция қызметкерлері автотұраққа жеткізді.

Назарбаев сот шешімімен келіспеді. Ол үкімге шағымданатынын айтқан.