Алматыда көп қабатты үйден әйел құлап кетті

Алматыда көп қабатты үйден әйел құлап кетті
Сурет: Egemen.kz

Алматыда Розыбакиев көшесіндегі тұрғын үй кешендерінің бірінде 25-қабаттан әйел құлап кеткен, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Оқиға туралы ақпарат «102» пультіне 16 тамызда кешке түскен.

«Ақпарат расталды. Марқұмның жеке басы анықталды. Бостандық аудандық полиция басқармасында ҚР ҚК-нің 105-бабы («Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу») бойынша соталды тергеу басталды. Оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталып жатыр», - делінген хабарламада.