Алматыда көліктерді тұраққа қою ережелерін бұзудың 40-тан астам дерегі анықталды

Алматыда көліктерді тұраққа қою ережелерін бұзудың 40-тан астам дерегі анықталды
Сурет: polisia.kz

Алматыда көліктерді тұраққа қою ережелерін бұзудың 40-тан астам дерегі анықталды, – деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 

Жергілікті рейдтер ірі шаһарда жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ құқық бұзушылықтар үшін жазаның бұлтартпастығы қағидасын жүзеге асыру мақсатында жүргізіледі.

– Жергілікті іс-шара көлік құралдарын тұраққа қою ережелерін бұзу деректерін анықтауға бағытталған. Алматы сияқты ірі қала үшін бұл өте өзекті мәселе. Бүгінде Алматыда 550 мыңнан астам көлік ресми тіркелген. Сонымен қатар шаһар жолдарында күніне 300 мыңға жуық транзиттік көлік жүреді. Сондықтан әрбір жол қозғалысына қатысушының жеке жауапкершілігін сезініп, жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауы өте маңызды. Патрульдік полиция экипаждары ауыр құқық бұзушылықтарды соның ішінде көлікті тұраққа қою ережелерін анықтауға және жолын кесуге бағытталған. Сауда үйлері, базарлар, оқу орындарының аймағы, мешіттер және жүргізушілер көліктерін белгіленбеген жерге жиі коятын басқа да орындар ерекше назарда, – деді Алматы қаласы ПД жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары Тимур Ноғайбаев.

Айтпақшы, бір ғана рейдте тәртіп сақшылары көліктерді тұраққа қою ережелерін бұзудың 40-тан астам дерегін анықтады. Құқық бұзушыларға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шаралар қолданылды. Полиция қызметкерлері бұл іс-шара жүргізуші тәртібі мен көлік жүргізу мәдениетін арттыруға оң әсерін тигізетініне сенімді.