Жалған құжатпен келген шетел азаматтары ұсталды

Жалған құжатпен келген шетел азаматтары ұсталды
Сурет: ҚР ҰҚК

ҰҚК шекара қызметі Қазақстан аумағына жалған құжатпен келген Франция азаматтарының жолын кесті

Айталық, 1 наурызда Алматы қаласының халықаралық әуежайында шекаралық бақылау кезінде Франция Республикасының жалған құжатын ұсынған 2 шетелдік азамат ұсталды, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 

Арнайы техникалық құралдарды пайдалана отырып, олардың жарамсыздығы расталды. 

В аэропорту Алматы задержали иностранцев с поддельными паспортами
Фото: ҚР ҰҚК

Жалған төлқұжаттар алынды, шетелдік азаматтар депортацияланды.

2024 жылдың басынан шекарашылар өткізу бекеттерінде жарамсыз және бөтен төлқұжат пайдаланудың 38 фактісінің жолын кесті.

ҰҚК шекара қызметі жалған құжаттарды пайдалана отырып, шекараны бұзғаны үшін қылмыстық жауапкершілік көзделгенін хабарлайды.