Алматыда көлік қозғалысының сызбасына өзгеріс енгізіледі

Алматыда көлік қозғалысының сызбасына өзгеріс енгізіледі
Сурет: Almaty.tv

2023 жылғы 26 маусымнан бастап Москвин көшесінде жол қозғалысын ұйымдастыру сызбасына өзгерістер енгізіледі.

Аталған көшенің Солтүстік айналма жолынан Рысқұлов даңғылына дейінгі бөлігінде көлік қозғалысы екі бағытта жүргізілетін болады. Бұған дейін көшемен тек бір бағытта жүруге болатын, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Алматы қалалық мобилділік басқармасының мәліметінше, жол қозғалысын ұйымдастыру сызбасына өзгерістер тәжірибелік негізде енгізілп отыр, аталған жол бөлігіндегі көлік жағдайын сараптау нәтижесіне қарай уәкілетті органмен бірлесе отырып нақты шешім қабылданатын болады.

Жол жүру бағыттарыңызды алдын ала жоспарлап, ҚР Жол жүру ережелерін сақтап, жол белгілеріне баса назар аударуға кеңес береміз.