Әл-Фараби даңғылында уақытша көлік қозғалысы шектеледі

Әл-Фараби даңғылында уақытша көлік қозғалысы шектеледі
Almaty-akshamy.kz

Орташа жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты әл-Фараби даңғылының Розыбакиев көшесімен қиылысында 25-27 маусым күндері сағ.08:00 мен 24:00 аралығында, сонымен қатар 28 маусым сағ. 22:00-ден 29 маусым 06:00-ге дейін және 29 маусым сағ. 22:00-ден 30 маусым 06:00-ге дейін түнгі уақытта көлік қозғалысы уақытша ішінара шектеледі.

Жөндеу жұмыстары 2023 жылға арналған жоспар аясында жүзеге асырылып жатыр, келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз және жол жүру бағыттарыңызды алдын ала жоспарлауларыңызды сұраймыз. 

Алматы қалалық мобилділік басқармасы