Орталық Азия елдері мен Қытай есеп айырысуда ұлттық валюта қолдануды ұлғайтады

Орталық Азия елдері мен Қытай есеп айырысуда ұлттық валюта қолдануды ұлғайтады
Сурет: Jj-tours.ru

Бұл туралы Қытайдың Сыртқы істер министрі Ван И айтты.

Орталық Азия елдері мен Қытай есеп айырысуда ұлттық валюта қолдануды ұлғайтады. Бұл туралы Қытайдың Сыртқы істер министрі Ван И мәлім етті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Бүгінгі кездесуіміздің басты міндеті – Қытай мен Орталық Азия елдері арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың 30 жылдығына арналған онлайн саммитте 6 мемлекеттің басшылары қол жеткізген уағдаластықты жүзеге асыру. «Қытай – Орталық Азия» форматында Мемлекет басшыларының тұрақты кездесуін өткізу туралы шешім негізгі нәтиже саналады», - деді Ван И «Орталық Азия – Қытай» форматындағы Сыртқы істер министрлерінің үшінші кеңесі қорытындысына арналған брифингте.

Оның атап өтуінше, кездесу жемісті болды.

«Оның қорытындысында келесі аспектілері атап өтуге болады. Өзара құрмет, тату көршілік, өзара қолдау мен өзара тиімділік рухын басшылыққа ала отырып, Орталық Азияның гүлденуі мен орталық болашағы, дербестігі мен бейбітшілігі үшін күш біріктіреміз. Біз жоғары сапалы ынтымақтастықты жалғастырып, екөпқырлы кооперацияны кеңейтеміз. Тиісінше қаржылық тетіктерді құру мүмкіндігін қарастырып, ұлттық валютада есеп айырысуды одан ары кеңейтеміз», - деді Қытай министрі.