Семейде құрылыс алаңында адамның сүйегі табылды

Семейде құрылыс алаңында адамның сүйегі табылды
Cурет: Куәгер фотосуреті

Бұл жерде зират болуы мүмкін емес

Құрылысшылар түсірген сурет әлеуметтік желіде тез тарап кеткен. Экскаватор құрылыс алаңын қазып жатқанда, топырақ астынан адамның сүйегі табылған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Express Qazaqstan-ға сілтеме жасап.

Суретке қарап, семейліктердің біреуі бұл тоқсаныншы жылдары қылмыскерлер өлтіріп, көміп кеткен адамның қаңқасы десе, басқа біреулері бұл жерде зират болған деген болжам айтып жатыр.

«Ертіс маңы» атты өлкетану қоғамдастығының жетекшісі Марат Сасановтың айтуынша, сүйек табылған құрылыс алаңы тұрғын үй алқаптарына жақын орналасқан. Сондықтан, бұл жерде зират болуы мүмкін емес. 

«Бұл ауданда, яғни, Ертіс өзенін жағалай кезінде ел қоныстанған. Бәлкім, бұл зиратқа емес, үйінің маңына жақын жерленген адамның сүйегі болуы мүмкін. Сондықтан, анықтау керек»,- дейді Марат Сасанов.