Алматыда инкассатор көлігі автобусқа соғылды

Алматыда инкассатор көлігі автобусқа соғылды
сурет: Іnform.kz

Жол апаты Абай даңғылының бойында болған.

Алматыда автобус инкассатор көлігіне соғылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 Жол апаты 25 желтоқсан күні таңғы сағат 7:40 шамасында Абай даңғылының бойында болған.

 «ГАЗ маркалы автокөліктің 40 жастағы жүргізушісі Абай даңғылында, №141-үйге қарама-қарсы оңтүстік бағытта артқа бұрылып, Абай даңғылымен батыс бағытта жүріп келе жатқан Golden Dragon автобусымен соқтығысқан. Оқиға салдарынан ГАЗ көлігінің жүргізушісі зардап шекті. Ол ауруханаға жатқызылған жоқ», - деді Алматы полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Қазір бұл деректі аумақтық жағынан Алмалы ауданының полиция қызметкерлері анықтап жатыр.