Алматыда дәстүрлі BAIQONYR кинофестивалі өтеді

Алматыда дәстүрлі BAIQONYR кинофестивалі өтеді
Сурет: Ашық дереккөз

Фестиваль мемлекеттің қаржылық қолдауынсыз өткізіліп келеді

6-10 қыркүйек аралығында Алматыда BAIQONYR халықаралық кинофестивалі өтеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Кинофестивальдің миссиясы - кинематографтың дамуына жәрдемдесу, талантты авторларды қолдау және қазақстандық мәдениетті әлемдік кино қоғамдастығына ықпалдастыру.

Биылғы жылдың басты тосын сыйы жаңа халықаралық байқау болмақ - 8-ші кинофестивальге қысқаметражды ғана емес, сонымен қатар дебюттік толықметражды фильмдер да қатыса алады.

Айта кетейік, фестиваль президенті Әнуар Кенжебаев жақында өткен Қазақстан киносыншылары қауымдастығының «Сыншылар таңдауы» жеңімпаздарын марапаттау рәсімінде лауреаттар қатарынан көрінді.

Бұл жиында ол «Фестиваль қозғалысына қосқан үлесі үшін» арнайы жүлдесіне ие болды.

Фестивальдің бірегейлігі - ол осы жылдар бойы мемлекеттің қаржылық қолдауынсыз өткізіліп келеді.

Baiqonyr-2023 байқау бағдарламасы мынадай:

- халықаралық дебюттік толықметражды көркем фильмдердің байқауы;

- халықаралық көркем және деректі қысқаметражды фильмдер байқауы;

- ұлттық көркем және деректі қысқаметражды фильмдер байқауы.

Байқаулардың әрқайсысын беделді қазылар алқасы бағалайды.

Конкурстан тыс бағдарлама да ауқымды болмақ.

Ол жерде ТМД елдерінің кинотанушылары мен сыншыларының II форумы өтеді, оның жұмысына 30-дан астам шетелдік маман қатысады.

Білім бағдарламасында танымал режиссерлер мен актерлерден мастер класс, воркшоптар мен дәрістер, киноиндустрияның өзекті мәселелері бойынша дөңгелек үстелдер қамтылған.

VIII BAIQONYR Film Festival конкурстық бағдарламасына қатысуға өтінім қабылдау 5 мамырда басталады.

Халықаралық конкурстарға өтінім - 1 шілдеге дейін, ұлттық конкурстарға - 1 тамызға дейін қабылданады.

Фестиваль ТМД мемлекеттерінің мемлекетаралық гуманитарлық ынтымақтастық қорының қолдауымен өтеді.