Алматыда дәмхананың жазғы алаңына ағаш құлады

Алматыда дәмхананың жазғы алаңына ағаш құлады
Сурет: Тengrinews.kz

Ағаш құлаған сәт видеоға түсіп қалған.

Алматыда «Акунин» дәмханасының жазғы алаңы аумағында ағаш құлады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде тарады. Бейнекамераға ағаш құлаған сәт түсіп қалған. Қонақтар үлкен бұтақтар құламас бұрын қашып үлгерген. Автордың айтуынша, жолдан өтіп бара жатқан адам қонақтар мен мейрамхана қызметкерлеріне ағаштың құлайтынын ескертіп үлгерген.

25 мамырда сағат 22:15-те құтқару қызметіне Абай даңғылы бойындағы, 21 мекенжайда "Акунин" дәмханасының жазғы алаңы аумағында ағаш құлағаны туралы хабарлама түскен.

"Мамандар мен Медеу әкімдігі сараптама тағайындады. Қажетті жұмыстарды күндізгі уақытта жүргізуге шешім қабылданды. Зардап шеккендер жоқ. Бүгін төтенше жағдайлар бригадасының мамандары келіп, ағаштарды кесіп жатыр", - деді әкімдік өкілдері.

Жұмысты төрт құтқарушы мен бір техника жүргізіп жатыр.