Алматыда бір доллар 473 теңгеге сатылып жатыр

Алматыда бір доллар 473 теңгеге сатылып жатыр
Сурет: Egemen.kz

Доллар бағамы қайта өсті.

KASE Қазақстан қор биржасы 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа өлшенген бағамы 470,60 теңгені құрап, 2,16 теңгеге көтерілгенін жеткізді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Бір АҚШ долларының орташа бағамы - 470,60 теңге.

Ұлттық банктің 21 қазандағы ресми бағамы – 1 долларға 468,27 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллардың сату бағамы – 477 теңге, сатып алу – 473 теңге.