Алматыда балалар «Қара жорға» билейді

Алматыда балалар «Қара жорға» билейді
Сурет: Massaget.kz

«Қара жорға»би флешмобы Балаларды қорғау күніне қазақ халық биін дәріптеуге арналған.

30 мамыр күні сағат 11:00-де Қ.Қожамияров атындағы Мемлекеттік Академиялық Ұйғыр музыкалық комедия театрында көп балалы отбасылардан шыққан балалардың қатысуымен «Қара жорға» жаппай би флешмобы өтеді. Іс-шара барысында ұлттық киімдегі балалар бір мезгілде ұлттық биді орындайды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 

Аккредиттеу мәселелері бойынша 8 701 444 85 74 (Аймира Муксулова, Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының баспасөз хатшысы) телефоны бойынша хабарласуға болады.