Алматыда автобус қарияны қағып кетті

Алматыда автобус қарияны қағып кетті
Сурет: Astanatv.kz

№ 58 автобус 77 жастағы қарияны қағып кетіп, мерт қылды.

Жол апаты Досмұхамедов пен Шәріпов көшелерінің қиылысында болды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Қалаішілік автобус Мақатаев көшесімен шығыс бағытта келе жатқан. Жүргізушілердің айтуынша, қария күтпеген жерден жолға жүгіріп шыққан.

Жүргізуші қанша қашуға тырысқанымен де әйел адамды қағып кеткен. Автобус жаяу жүргіншілерге арналған тротуарға шығып кете жаздап, жасыл шөпті басқан.

Салдарынан автобустың астына түскен егде әйел алған жарақаттарынан дәрігерлер келгенге дейін оқиға орнында көз жұмды. Оқиға орнына полиция қызметкерлері мен Алматының құтқару қызметі келді. Қазір криминалистер оқиғаның барлық мән-жайларын анықтау үстінде.

Полиция жан тапсырған адамның 1947 жылғы әйел екенін нақтылады.