Алматыда наурыздың қары 10 см-ге дейін жетті

Алматыда наурыздың қары 10 см-ге дейін жетті
Сурет видеодан алынды

2024 жылғы 12-13 наурызда жауын-шашын кезінде сағат 07:00-дегі жағдай бойынша қалада қар тазалау жұмыстары туралы ақпарат

12 наурыз күні сағат 22:30-дан бастап Алматы қаласында жаңбыр жауа бастады, 13 наурыз күні түстен кейін  ол сілбі қарға ауысты. Қаланың тау бөктерінде 10 см-ге дейін қар жауды.

  • Арық желілері арқылы судың кедергісіз өтуін қамтамасыз ету мақсатында түнгі кезеңде 52 жедел мобильді бригада жұмыс істейді.
  • Су тасқынының алдын алу және жою үшін 465 бірлік арнайы техника, 18 мотопомпалар және 140 жол жұмысшылары шығуы ұйымдастырылды. 2200 қап құм бар.
  • Төтенше жағдайлар департаментінің жедел кезекшісінің ақпараты бойынша сағат 07:00-дегі жағдай бойынша су тасқыны тіркелген жоқ.
  • Дислокация орындарында 139 құм таратқыш кезекшілік етеді. Жоғарғы аудандарда 120 тонна көктайғаққа қарсы материалдар себілген.
  • Таңертеңгі сағат 5-тен бастап қаланың жоғарғы бөлігінде қар тырмалау бойынша 6 колонна ұйымдастырылды.
  • Таңғы сағат 8-ден бастап 463 бірлік техника мен 1028 жол жұмысшысы шығады деп жоспарлануда.
  • Аудан әкімдіктерінде жұмыс өндірісін бақылау бойынша тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды.
  • «Қазгидромет» РМК болжамы бойынша күндіз ауа температурасы 0...+2 градус. Жауын-шашын 15 сағатқа дейін болады деп болжануда.

Коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы