Алматыда 411 ата-ана әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Алматыда 411 ата-ана әкімшілік жауапкершілікке тартылды
Сурет: Polisia.kz

Алматыда ұсақ бұзақылық жасаған жасөспірімдер анықталды.

Өткен аптада ғана қалада 38 кәмелетке толмаған жасөспірім анықталды. Олардың көпшілігі ата-анасының бақылауынсыз түнде көшеде жүрген. Олар КТБО-ға орналастырылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

 411 ата-ана кәмелетке толмаған балалар түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз көшеде жүргені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар кәмелетке толмаған балаларының тәрбиесімен айналыспайтын, оларға кері әсерін тигізетін 35 ата-ана анықталып, ІІО-ға есепке алынды. Ұсақ бұзақылық жасаған 9 жасөспірім әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

«Ата-аналар өздерінің тарапынан бақылаудың болмауы жасөспірімдердің құқық бұзушылыққа немесе оларға қарсы заңсыз әрекеттерге баруы мүмкін екенін білуі және түсінуі маңызды, сонымен қатар олардың тәрбиесіне жауапкершіліктері бар екенін ұмытпауы керек», – деді полицейлер.