Алматыда 4 жастағы баланы теуіп құлатқан шетел азаматы қамауға алынды

Алматыда 4 жастағы баланы теуіп құлатқан шетел азаматы қамауға алынды
Сурет: Ult.kz

Оған бұзақылық бойынша айып тағылды.

Оқиға Алматы облысындағы сауда орталықтарының бірінде болған. Бүлдіршіннің анасы полицияға шағым түсірген, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Тәртіп сақшылары 25 жастағы шетелдік азаматты дереу анықтап, бөлімшеге жеткізді.

Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, бүлдіршін дене жарақатын алған. Жауап алу кезінде күдікті болған оқиғаны айтып, өз кінәсін толық мойындаған. Қазір сараптама тағайындалып, тергеу жүргізіліп жатыр.