Алматыда 20 мың студент жатақханасыз қалған

Алматыда 20 мың студент жатақханасыз қалған
Сурет: Egemen.kz

Жатақханасыз қалған студенттер жедел штабқа хабарласу керек.

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің айтуынша, Алматыда 19-20 мың төсек-орны жетіспей тұр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Себебі 35 жоғары оқу орнында бүкіл елдегі студенттердің 30 пайыздан астамы шоғырланған. Олардың өзінің 70 пайызы басқа өңірлерден келген.

Алматыда оқу жылының басында жедел штаб құрылды. Жатақханасыз «далада» қалған студенттер штабпен байланысуы керек.

«Бұл - негізі үлкен қалалардың ортақ проблемасы. Сондықтан сол жедел штабқа сіздердің де көмектеріңіз керек. Кез келген отбасы, кез келген бала далада қалып қойған жағдайда, жедел штабқа тезірек хабарлассын. 24 сағат жұмыс істеп отыр», - деді Саясат Нұрбек.