ДДҰ: Еуропадағы вакциналаудағы олқылықтар барлығына қауіп төндіреді

ДДҰ: Еуропадағы вакциналаудағы олқылықтар барлығына қауіп төндіреді
Сурет: Sakhaparliament.ru

Аймақ халқының үштен бірі вакциналанбаған.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Еуропалық аймақтағы коронавирустық вакцинациядағы олқылықтар бүкіл әлем халқы үшін қауіп төндіретінін айтып отыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz  COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК-ға сілтеме жасап.  

«Аймақ халқының үштен бірі вакциналанбаған, оның ішінде денсаулық сақтау қызметкерлерінің 25%-ы және қарт адамдардың 20%-ы. Вакциналаудағы бұл олқылықтар бәрімізге қауіп төндіреді», - деді ДДҰ бас директоры Тедрос Аданом Гебреисус.

Спикер «Солтүстік жарты шарда суық ауа райы жақындаған сайын, аурудың таралуының өсуі мен өлім-жітімнің көбеюін күту орынды» деп ескертті. Ол ДДҰ мақсат ретінде барлық мемлекеттерде халықты екпемен қамту 70%-дан төмен емес деңгейде қойғанын еске салды.

ДДҰ-ның еуропалық аймағына ұйымға мүше 53 ел кіреді. Олардың ішінде Еуропа мен Орталық Азия мемлекеттері, сондай-ақ Израиль мемлекеті бар.