Алматы зообағы ерекше кеміргішті көрсетті

Алматы зообағы ерекше кеміргішті көрсетті
Сурет: Ашық дереккөз

Дегулер 15-ке жуық түрлі дыбыс шығара алады

Алматы хайуанаттар бағының мәліметінше, дегу – ерекше тиіннің бір түрі. Бұл жануар басқа тиіндер сияқты аса танымал емес, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Зообақ өзінің Instagram-дағы парақшасында дегу атты кеміргішті көрсетті. Оның түр-түсі де бірден көзге түсе бермейді.

"Дегудің тағы бір басқа атауы – Чили тиіні. Дегулар негізінен Оңтүстік Амераканы мекендейді. Көбіне қорек іздеп ауылшаруашылық жерлеріне, егістік алқаптарға шабуыл жасайды. Сондықтан олар фермерлердің жұмысына едәуір шығын келтіреді. Бұл кеміргіштердің 8 өткір тісі бар. Негізінен күндіз белсенді тіршілік етеді. Олар дүниеге келгенде тістері аппақ болады, кейін уақыт өте келе қоңыр түске ауысады", - делінген Алматы хайуанаттар бағының Instagram-дағы парақшасында.

Дегулер 15-ке жуық түрлі дыбыс шығара алады. Олардың дауысы сол сәттегі көңіл-күйлеріне, мінез-құлықтарына байланысты құбылып тұрады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Алматинский зоопарк (@almatyzoo)