Алматы жұртшылығына Ермек Тұрсыновтың жаңа кітабы таныстырылды

Алматы жұртшылығына Ермек Тұрсыновтың жаңа кітабы таныстырылды
Сурет: Ашық дереккөз

ҚР Ұлттық кітапханасында кинорежиссер және әдебиетші Ермек Тұрсыновтың «Пурпурная лошадь» атты кітабының тұсаукесер рәсімі өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Іс-шараны белгілі саясаттанушы, публицист Досым Сәтбаев жүргізді.

Шарада танымал кинорежиссер және кітап авторы Ермек Тұрсынов оқырман қауымның көптеген сұрақтарына жауап беріп, алдағы шығармашылық жоспарларымен бөлісті.
Сондай ақ, аталмыш кітапқа тоқталып, өз қолтаңбасымен оқырмандарға табыстады.

Шараға белгілі мемлекет және қоғам қайраткерлері, кинорежиссерлер, кітапхана оқырмандары қатысты.