Алматы тауларында қар көшкіні қаупі сақталады

Алматы тауларында қар көшкіні қаупі сақталады
Twitter

23-28 желтоқсан аралығында Алматы тауларында көшкін қаупі сақталады, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz.

Төтенше жағдай департаментінің мамандары қарлы беткейлерге шығуға болмайтындығын айтады. Сонымен қатар тұрғындарға тауда сақтық шараларын сақтауға кеңес береді. Іле Алатауы тау жотасының оңтүстік беткейінде Еңбекшіқазақ, Талғар және Қарасай аудандарында барлығы 48 учаскеде қар көшкіні жүруі мүмкін.