5G толқынының алғашқы радиожиілік жолағы 62.6 млрд теңгеге сатылды

5G толқынының алғашқы радиожиілік жолағы 62.6 млрд теңгеге сатылды academy.kz

2022 жылғы 22 желтоқсанда мобильді байланыстың бесінші буыны (5G) үшін радиожиіліктерге ашық аукцион өткізілді, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Онлайн сауда  "gosreestr.kz" электрондық сауда-алаңында ұйымдастырылды. Қатысушылар 5G технологиясына арналған 3600-3700 МГЦ (100 МГЦ) радиожиілік жолақтары бойынша бәсекеге түсті.



 Аукционның алғашқы бағасы 1 761 225 000 теңгеден басталды.  Нәтижесінде, радиожиілік жолақтары үшін сауда-саттық (аукцион) барысындағы баға 62 669 775 351 теңгеге дейін көтеріліп, жеңімпаз болып "Мобайл Телеком Сервис" ЖШС ("Теле 2" және "Алтел" бренді) және "Кселл" АҚ ("Кселл" және "Актив" бренді) тұратын консорциум анықталды.



Жоғарыда аталған аукционның жеңімпазына республикалық маңызы бар қалаларда және облыс орталықтарында мобильді байланыстың бесінші буынын (5G/IMT) енгізу және дамыту бойынша міндеттемелер жүктеледі.


Міндеттемелерге сәйкес, аукцион жеңімпазы кезең-кезеңімен жалпы саны 3527 базалық станцияны іске қосуы керек. 2027 жылға қарай республикалық маңызы бар қалалардың 75%-ы, облыс орталықтарының 60%-ы 5G технологиясымен қамтамасыз етіледі деп күтілуде.


5G желісінің негізгі пайдаланушылары - қарапайым абоненттерден бастап,  интернеттің жоғары жылдамдығын қажет ететін ірі бизнес өкілдері болады.


Ал, бүгін 5G технологиясына арналған 3700-3800 МГЦ (100 МГЦ) радиожиілігі үшін 2 лот бойынша аукцион өткізіледі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

20:41

20:11

19:52

19:32

18:49

18:13

18:02

17:54

17:40

17:20

17:14

17:01

16:30

16:25

16:18

16:16

16:10

15:53

15:42

15:28

15:20

15:17

15:16

15:15

15:12