Алматы спортшылары «Астана қылышы» турнирінде жеңіске жетті

Алматы спортшылары «Астана қылышы» турнирінде жеңіске жетті
Сурет: Almaty-akshamy

Олар алтын және күміс медаль жеңіп алды.

Қазанның 16 күні Астанада Республика күніне орай ұйымдастырылған семсерлесуден «Астана қылышы» турнирі аяқталды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Бұл жарысқа Алматы, Қарағанды және Солтүстік Қазақстан облыстарынан, сондай-ақ Алматы мен Астана қалаларынан командалар қатысқан болатын.

Алматылық спортшылар үздік көрсеткішке қол жеткізіп, алтын және күміс медаль жеңіп алды. Қола медальді астаналық спортшылар иемденді.