Алматы полициясы көлік жүргізушілеріне үндеу жасады

Алматы полициясы көлік жүргізушілеріне үндеу жасады
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Қардың қалың жаууына байланысты.

2024 жылдың 2 ақпанында Алматы полиция департаменті (ПД) қардың түсуіне байланысты жол қозғалысына қатысушыларға үндеу жасады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Ауа райының нашарлауына және қар түріндегі жауын-шашынға байланысты алматылық тәртіп сақшылары жол қозғалысына қатысушыларды қауіпсіздік шараларын күшейтуге шақырады.

"Осы үндеу негізінен қауіптілігі жоғары көлік құралдарын басқаратын қала жүргізушілеріне арналған.Біз оларды жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, жүргізуші мәдениетін көрсетуге және мұқият болуға шақырамыз", деді Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.