Алматылық медицина ұйымдарына 59 млрд теңгеден астам аванс төленді

Алматылық медицина ұйымдарына 59 млрд теңгеден астам аванс төленді
almaty-akshamy.kz

Биыл алматылықтардың денсаулығын сақтауға 334,2 млрд теңге бөлінді. Оның 158,5 млрд теңгесі міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру пакетіне, қалған 175,7 млрд теңгесі кепілдендірілген тегін көмек пакетіне тиісілі. Бұл туралы Медициналық сақтандыру қорының Алматы қалалық филиалы хабарлады.

Хабарламаға сүйенсек, биыл Алматы қаласы бойынша халыққа медсақтандыру және кепілдендірілген тегін көмек шеңберінде 212 медицина ұйымы көмек көрсетпек. Қормен келісімшарт бекіткен клиникалардың 132-сі — жеке меншік. Биыл Қормен жұмыс істейтін алматылық клиникалар қатары емхана және стоматология қызметтерін көрсететін 6 жаңа клиникамен толығып отыр.

Медициналық мекемелер тізімімен Қордың fms.kz сайты арқылы танысуға болады. 
Сақтандыру жүйесі толыққанды енгізілген 5 жыл ішінде мемлекеттік ұйымдармен қатар  жеке клиникалар көрсететін қызмет спектрі де айтарлықтай артты. Бүгінде Қормен жұмыс істейтін бизнес нысандары жалпы практика дәрігерілерімен, салалық мамандармен жабдықталған, гемодиализ, экстракорпоральды ұрықтандыру, медициналық оңалту, позитронды-эмиссиондық томография, магнитті-резонанстық және компьютерлік томография сынды тағы да басқа қызметтер көрсетеді.