Қара алтын бағасы өскеніне қарамастан, теңге құнсыздана бастады

Қара алтын бағасы өскеніне қарамастан, теңге құнсыздана бастады
Сурет: Neg.by

Бір доллар 438,5 теңге болды.

KASE-дегі сауда-саттық ашылғаннан бері теңге бағамы түсіп, 438,5-ке жетті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Inbusiness.kz cілтеме жасап.

Ал Brent маркалы мұнай бағасы 0,3-0,4%-ға өсті. 

Көптеген қазақстандықтар мұнай бағасы елдің макроэкономикалық көрсеткіштері үшін, соның ішінде теңгенің тұрақты валюталарға (АҚШ доллары, еуро және т.б.) қатысты бағамы үшін негізгі көрсеткіш болып табылатынына үйреніп қалған. Алайда Украинадағы жағдай басталғаннан бері біз мұнай бағасы нығайған немесе құлдыраған теңгеге тікелей ықпал етпейтінін көріп отырмыз.  Яғни, мұнай бағасы көтерілсе де, теңге бағамы әлсіреуі мүмкін және керісінше.

«Мұнай бағасы теңге бағамы үшін де, басқа мұнай экспорттаушы елдердің бағамы үшін де шешуші, бірақ жалғыз және түпкілікті фактор емес.  Бір жағынан, геосаяси фактор (Ресей рублінің жағдайы), екінші жағынан, АҚШ долларының жаһандық нығаюы (доллар индексінің қымбаттауы) аса маңызды көрсеткіштерге айналғаны сөзсіз», – деп түсіндірді экономист Ғалымжан Айтқазин.