Алматы полицейлері 132 құқық бұзушылықтың жолын кесті

Алматы полицейлері  132 құқық бұзушылықтың жолын кесті
Сурет: Polisia.kz

Олар - отбасылық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтар.

Қалалық ПД осындай мәліметтерді келтіріп, құқық бұзушылыққа мүлдем төзбеушілік қағидатын нығайту, көшелерде және басқа да қоғамдық орындарда тиісті қоғамдық тәртіпті сақтау мақсатында 20-30 қараша аралығында қалада “Құқықтық тәртіп” кең ауқымды жедел алдын алу іс-шарасының аралық қорытындысын шығаруда, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Естеріңізге сала кетейік, ол вандализм деректерін, мүліктік залал келтіруді, ұсақ бұзақылықты, жол қозғалысы қауіпсіздігі саласындағы бұзушылықтарды анықтау және жолын кесуге, сондай-ақ тұрмыстық зорлық-зомбылық, оның ішінде кәмелетке толмағандарға қатысты құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған.

«Полиция бөлімшелері ЖААІШ-нің 7 күнінде 192 қылмыстың бетін ашты, оның 28-і қоғамдық орындарда жасалған. Сондай-ақ бұрын жасалған 90 қылмыс ашылды. Іздеуде жүрген 23 қылмыскер ұсталды. Сонымен қатар 13 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылық анықталып, жолы кесілді, оның 132-сі отбасы-тұрмыстық қатынастар саласында байланысты тіркелген. 441 ұсақ бұзақылық, 1 мың 541 қоғамдық орындарды ластау, 484 тыныштықты бұзу, 1329 қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдіктерді ішу, 743 қоғамдық орындарда темекі шегу деректерінің жолы кесілді», – деді Алматы қаласы полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.