Алматы облысының полицейлері тағы бір есірткі зертханасының көзін жойды

Алматы облысының полицейлері тағы бір  есірткі зертханасының көзін жойды
Сурет: Polisia.kz

Зертханадан 1500 литр прекурсор тәркіленді.

Бағыт бойынша патрульдеу жүргізу кезінде Іле ауданының ЖПҚБ ППР 209 бортының қызметкерлері Mitsubichi автокөлігін тоқтатқан. Тексеру барысында көлік салонынан 25 канистр химиялық сұйықтық табылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

«Тергеу іс-шарасы барысында Алматы облысы ПД ЕҚҚКБ қызметкерлері Іле ауданының КПБ-мен бірлесіп, тыйым салынған заттарды дайындаған 29 жастағы күдіктіні әшкерелеп, Междуреченск ауылына жақын маңдағы шаруа қожалығының аумағында орналасқан есірткі зертханасын анықтады. Ұсталған адамның зертханасынан шамамен 1500 литр прекурсор тәркіленді», – деді Алматы облысы ПД бастығы Бауыржан Аленов.

Аталған дерек ҚР ҚК-нің 296-бабының 4-бөлігі (Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу) бойынша Іле ауданының ПБ-ға тіркелді. Сараптамалық тексерулер тағайындалды, күдікті қамауға алынды.