Алматы облысында «Жас өрт сөндірушілер» әскери-патриоттық клубы ашылды

Алматы облысында «Жас өрт сөндірушілер» әскери-патриоттық клубы ашылды
Сурет: Алматы облыстық ТЖД баспасөз қызметі

Клубқа бірнеше адамның өмірін өрттен құтқарып қалған Асқар Забикулиннің аты берілген.

Алматы облысы Ұйғыр ауданының Шонжы ауылында «Жас өрт сөндірушілер» әскери-патриоттық клубының салтанатты ашылуы өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Алматы облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Іс-шараға батырдың жұбайы, туыстары мен достары қатысты.

Әскери-патриоттық клубты ашудың мақсаты өскелең ұрпақты азаматтық-патриоттық тұрғысында тәрбиелеу болып табылады. Бүгінгі күннің батыры, I дәрежелі «Айбын» орденінің иегері Асқар Серікұлы Забикулиннің батылдығы мен ерлігін таныстыра отырып, білім алушылардың туған халқына деген құрметі мен сүйіспеншілігін тәрбиелеу, мақтаныш пен патриоттық сезімдерін ояту, ұлттық рухта тәрбиелеу.

Болашақта әскери-патриоттық клубты толыққанды бейінді сынып ретінде қалыптастыру жоспарлануда.