Алматы мектептерінде 5 мыңға жуық бейнебақылау камерасы орнатылған

Алматы мектептерінде 5 мыңға жуық бейнебақылау камерасы орнатылған
Сурет: Inform.kz

Балалар қауіпсіздігі - назарда!

Алматы полициясының бастығы тұрғындармен есеп беру кездесуінде балалардың қауіпсіздігі туралы айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Алматы мектептерінде бес мыңға жуық байнебақылау камерасы орнатылған.

«Балаларымыздың қауіпсіздігі мәселесі бірінші орынға қойылып, полицияның тұрақты бақылауында. Барлық білім беру нысандарында қауіпсіздік мәселесі бойынша тексеріс жүргізілді. Бүгінгі таңда қала мектептерінде 4960 бейнебақылау камералары орнатылған. Сонымен қатар қаланың жалпы білім беретін мектептерінде “дүрбелең батырмалары” орнатылған, олар бірден ПД ЖБО-ға қосылған. Сондай-ақ білім беру нысандарына кіру жүйесі ретке келтірілді. Арнайы турникеттер бар», – дейді Арыстанғани Заппаров.