Алматы әуежайы 8 миллионыншы жолаушысын қарсы алды

Алматы әуежайы 8 миллионыншы жолаушысын қарсы алды
Сурет: Gov.kz

2023 жыл Tav Airports Holding компаниясы басқаратын және қызмет көрсететін Халықаралық Алматы әуежайы үшін рекордтық жыл болды.

Жолаушылар ағыны сегіз миллион адамға жетті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Көлік министрлігіне сілтеме жасап. 

Орал-Алматы бағыты бойынша KC 882 рейсімен ұшып келген Манабаев Қайрат 8 миллионыншы жолаушы болды.  

Бұл оқиға әуежай үшін де,Алматы қаласы үшін де тарихи болып табылады. Халықаралық Алматы әуежайының бүкіл тарихында алғаш рет жолаушылар ағыны 8000000 адамға жетті. Алматы әуежайы Грузияға екі адамға туристік сапарға құқық беретін сертификаттың иегері болған Қайрат Манабаевты құттықтады.

TAVAirports Holding бүкіл әлем бойынша басқару саласындағы жетекші компаниялардың бірі.

TAV Airports Holding өзінің сервистік компаниялары арқылы 29 елдегі 108 әуежайда қызметтердің кең спектрін ұсынады. Алматы әуе айлағының өткізу қабілетін арттыру мақсатында жаңа Халықаралық жолаушылар терминалының құрылысы жүріп жатыр.  Жаңа терминалды салу кестесі ілгерілеп келеді және халықаралық Алматы әуежайының жаңа терминалын 2024 жылдың жазында аяқтау жоспарлануда.

Жаңа ғимараттың құрылысы борт көлеміне байланысты халықаралық терминалдың бір уақытта жеті ұшаққа дейін қабылдауына мүмкіндік береді. Әуежайдың жалпы өткізу қабілеті жылына 14млн. жолаушыға дейін артады. Жаңа Халықаралық жолаушылар терминалының ауданы 53,500м2 құрайды. Оның пайдалануға берілуімен Алматы әуежайының өткізу қабілеті жылына14млн. адамға дейін ұлғаяды. Дизайнға сәйкес құрылым қолданыстағы терминал ғимаратына жер үсті өткелі арқылы қосылады. Жаңа үйжай жолаушыларға ғимараттың сыртына  шықпай-ақ, ішкі және халықаралық рейстерден ауысуға оңай қол жеткізуді қамтамасыз етеді.

Өткен жылы Халықаралық Алматы әуежайы жылына 2,7 млн. адамға есептелген өткізу қабілеті кезінде 7,2 млн жолаушыны қабылдады.