Алмалы ауданында 22 үйде жеделсаты ауыстырылды

Алмалы ауданында 22 үйде жеделсаты ауыстырылды
doorinworld.ru

Бұл туралы қала әкімі Е.Досаев Алмалы ауданының тұрғындарымен кездесуінде сөйлеген сөзінде мәлімдеді, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz.

Жайлы және өмір сүру ыңғайлы аудан үй мен ауладан басталады. "Нұрлы жер" тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын дамыту бағдарламасы бойынша ағымдағы жыл басынан бері  22 үйде 57 жеделсаты ауыстырылды және 2 үйде ортақ мүлік жөнделді.

Ағымдағы жылдың соңына дейін 3 үйдегі тағы 8 лифтіні қосымша ауыстыруды және 4 үйдегі жалпы қолданыстағы мүлікті жөндеу жоспарланып отыр.

Ағымдағы жылдың қазан айына дейін жоспарланған 5 аула кеңістігін күрделі жөндеу аяқталады.Тарихи бірегейлікті сақтау үшін ағымдағы жылдың басынан бастап 10 шағын қабатты тұрғын үйдің қасбеттері жөнделді және осы жылдың қазан айына дейін тағы 34 үй жөнделеді.

Ескі үйлерді жөндеу бағдарламасы бойынша биыл 4 үйдің тұрғындары тұрғын үй жағдайын жақсартты.(Сейфуллин-Төле би, Шәріпов-Шевченко көшелерімен қиылысады.)

2023 жылдың қыркүйегінде Шевченко көшесіндегі тағы екі қабатты ескі үйлердің (16 пәтер) тұрғындарын «Век» АҚ салатын осы алаңдағы жаңа 9 қабатты тұрғын үйге көшіріледі.

Үй құрылысын ағымдағы жылдың қыркүйек айында бастау жоспарлануда (тұрғындар мен "Век" АҚ арасында ниет келісімшарттарына қол қойылды).