Алдағы күндері ауа райы жауын-шашынсыз болады

Алдағы күндері ауа райы жауын-шашынсыз болады
Сурет: I-gazeta.com

Оңтүстік өңірлерде тұман болады.

«Қазгидромет» мамандары 15-17 желтоқсан күндері ауа райы қандай болатынын болжады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«15-17 желтоқсан аралығында Қазақстан аумағының басым бөлігіндегі метеорологиялық жағдайлар орталығы Усть-Ишим үстіндегі кең антициклонның әсерімен айқындалатын болады, осыған байланысты ауа райы негізінен жауын-шашынсыз және республиканың солтүстік өңірлеріндегі ауа температурасының түнде 23-28 аязға дейін төмендеуі күтіледі. Тек орталықта, оңтүстік-батыста, ал 17 желтоқсанда елдің шығысында атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен төменгі қар, бұрқасын жауады деп күтілуде. Қазақстанның оңтүстік өңірлерінде тұман күтіледі», - делінген синоптиктердің хабарламасында.