Алдағы күндері үш өңірде су тасқыны болуы мүмкін - «Қазгидромет»

Алдағы күндері үш өңірде су тасқыны болуы мүмкін - «Қазгидромет»
Сурет: Ашық дереккөз

"Қазгидромет" алдағы күндері бірнеше өңірдегі тасқын болуы мүмкін екенін ескертті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«10 -12 наурыз аралығында Жетісу, Алматы облыстарында және Алматы қаласы маңындағы аймақтарда жауын-шашынның көп түсуіне, сондай-ақ температуралық фонның жоғарылауына байланысты қардың еруі қарқынды жүріп, өзендерде су деңгейі көтерілмек. Аталған өңірлерде су тасқыны болуы мүмкін», - делінген хабарламада.